Аза тұту күні телеарналар мен радиоларда ойын-сауық бағдарламалары көрсетілмейді

0 21

25 қыркүйекте Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты телеарналар мен радиоарналарда жарнама көрсетуге және көңіл көтеретін бағдарламалар эфирге шығаруға болмайды. Мәдениет және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарына тиісті ескерту жасады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарына ұлттық аза тұту күніне қатысты бірқатар талаптарды еске салды.

Атап айтқанда, 25 қыркүйек сағат 00:00-ден бастап теле- және радиоарналарда көңіл көтеруге бағытталған бағдарламалар мен іс-шараларды эфирге шығармау сұралды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» заңына сәйкес, ұлттық аза тұту күндері теле- және радиоарналарда жарнама орналастыруға тыйым салынады.