Президент Конституциялық Сот судьяларын тағайындады

0 11

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конституциялық Сот судьяларының қатарын Сәкен Абдолла, Лейла Жақаева, Қайрат Жақыпбаев, Айжан Жатқанбаева, Айгүл Қыдырбаева, Қанат Мусин, Бақыт Нұрмұханов, Сергей Скрябин, Аслан Төкиев пен Сергей Ударцев толықтырды.