Астана мен Алматы әлемдегі ең үздік 300 қаланың қатарына енді

0 8

Қалалар рейтингін Oxford Economics әзірлеген. Онда 1 000 қала қамтылған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Үздіктер тізімінде Алматы 265-орынға жайғасса, ал Астана 281-орыннан көрінді. Екі қала әсіресе адам капиталы бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Мәселен, Алматы әлем бойынша 66-орынға, ал Астана 98-орынға орналасты.