Президент табысты әрі адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты
Мемлекет басшысы ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияр Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Дәуренбекұлы кәсіби біліктілігі мен қажыр-қайратын ел мүддесін қорғау мен тұрақтылығын нығайтуға арнағанын атап өтті. Сонымен қатар оның мемлекеттік саясатты ілгерілетуге және ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асыруға айрықша атсалысқанына тоқталды», делінген хабарламада.