Президент Құрылтайдың алғашқы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

0 27

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-дe Астана қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген хабарламада.