Елімізде пәтер жалдау бағасы күрт қымбаттады

0 8

Қазақстанда тамыздың алғашқы екі аптасында тұрғын үйді жалдау ақысы орта есеппен 3,8%-ға өсті. Бағаның көтерілуіне жаңа оқу жылы қарсаңындағы маусымдық сұраныс пен ірі қалаларға студенттердің жаппай келуі әсер еткен, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ең көп қымбаттағаны – екі және үш бөлмелі пәтерлер. Республика бойынша тамыздың алғашқы жартысындағы өсім мынадай:

– 1 бөлмелі пәтерлер – 2,5%;
– 2 бөлмелі пәтерлер – 4,3%;
– 3 бөлмелі пәтерлер – 4,2%.

Өңірлер арасында жалдау ақысы Ақтауда 9,5%-ға, Алматыда 8,6%-ға, Семейде 7,7%-ға, Павлодарда 7,4%-ға, Петропавлда 5,6%-ға өскен.

Алматыда бір бөлмелі пәтердің орташа жалдау ақысы 220 мың теңгеге жетті. Екі бөлмелі пәтер 300 мыңнан 340 мың теңгеге, ал үш бөлмелі пәтер 410 мыңнан 450 мың теңгеге қымбаттаған.

Астанада бір бөлмелі пәтердің бағасы 220 мыңнан 240 мың теңгеге, екі бөлмелі пәтер 300 мыңнан 320 мың теңгеге өскен. Үш бөлмелі пәтердің орташа бағасы 500 мың теңге деңгейінде сақталған.

Дегенмен кейбір қалаларда баға төмендеген. Мәселен, Қостанайда үш бөлмелі пәтерлердің жалдау ақысы 6,9%-ға, Талдықорғанда 5,3%-ға арзандаған.

Сарапшылардың айтуынша, жалдау ақысының өсуіне негізінен жаңа оқу жылы қарсаңындағы маусымдық сұраныс себеп болып отыр.