Министрлік мектеп асханаларына тексеріс жүргізді

0 12

Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуына қатысты мектеп білім беру нысандарының 99%-ын тексерді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Жаңа оқу жылына дайындық шеңберінде жүргізілген мониторинг кезінде асханалардың 95%-ы және медициналық орындардың (пункттердің) 96%-ы қамтылған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

«Жаңа оқу жылы басталғанға дейін анықталған бұзушылықтарды толық жоюды қамтамасыз ету қажет. Мектептердегі тамақтану стандартының талаптары мүлтіксіз орындалуға тиіс», деді министр.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мониторингінің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 8,4 мың нұсқама беріліп, жедел ден қоюдың 287 шарасы қабылданды. 13 тамыздағы жағдай бойынша нұсқамалардың 82,8%-ы, яғни 6 961 нысан бойынша талаптар орындалды. Мектептердегі тамақтану мәселесіне ерекше назар аударылды: мониторингпен мектеп асханаларының 95%-ы немесе 6 338 объект қамтылды.