Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашанға дейін жалғасады?

0 127

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр. Ата-аналар өтінішті Ұлттық білім беру платформасы, eGov порталы арқылы немесе мектепке тікелей барып тапсыра алады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ол үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болуы қажет. Тұрғылықты мекенжай мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы расталады.

Өңірлерде құжат қабылдау әртүрлі мерзімде басталғанымен, барлық облыста өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады.