Астана күніне орай ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

0 102

Астана күні мерекесіне орай халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібіне уақытша өзгеріс енгізілді. 4 шілдеде азаматтарды тек кезекші орталықтар қабылдайды, ал 6 шілдеде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана күніне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгеретінін хабарлады.

Мекеменің мәліметінше, 4 шілде күні азаматтарды қабылдау тек кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда жүргізіледі. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.

6 шілде – Астана күні барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

Мемлекеттік корпорация кезекші орталықтардың тізімі алдын ала жарияланғанын атап өтті.

7 шілдеден бастап барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты жұмыс кестесіне қайта көшеді.