Маусымда ауа температурасы +46°C-қа дейін көтеріледі

0 17

Қазақстанда маусым айы құбылмалы ауа райымен басталады. Синоптиктердің болжамынша, жаздың алғашқы айында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір өңірлерде қатты нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Оңтүстік пен оңтүстік-батыс аймақтарда шаңды дауыл болуы мүмкін.

Сонымен қатар аптап ыстық біртіндеп күшейеді. Ай барысында кейбір өңірлерде ауа температурасы +46 градусқа дейін жетуі ықтимал.