«MART» ойын-сауық орталығында жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған LIVE-концерт өтті

0 9

Шара өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қолдауымен ұйымдастырылып, оған 3 мыңнан астам қала тұрғыны мен жастар жиналды.

Концерттік бағдарлама барысында аймаққа танымал эстрада әртістері сахнаға шығып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Кештің арнайы қонағы – көпшіліктің сүйікті орындаушысы Ернар Айдар өз репертуарындағы танымал әндерін шырқап, жиналған қауымды әсерлі кештің атмосферасына бөледі.

Сонымен қатар, жас белсенді Айдана Бекмырза мен студент Алмат Қалдыбек жаңа Ата Заң жобасының басты бағыттары мен оның қоғам үшін маңызын түсіндіріп өтті. Олар тұрғындарды 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.