Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

0 204

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық референдум комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Кездесуде алдағы республикалық референдумды ұйымдастыру және оған дайындық барысы талқыланды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Президентке референдумды өткізуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар, дайындық деңгейі және негізгі ұйымдастырушылық мәселелер жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев референдумды өткізу барысында ашықтық пен заң талаптарының қатаң сақталуы маңызды екенін айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы әрбір азаматтың өз таңдауын еркін жасауына тең мүмкіндік берілуі қажет екеніне ерекше назар аударды.