Аида Балаева тағы бір маңызды лауазымды қоса атқарады
Мәжіліс Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына ұсынылған Аида Балаеваның кандидатурасына келісім берді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Аида Ғалымқызының жаңа қызметіне қатысты ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі таратты.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.