Антикор төрағасы Димаш Құдайбергенмен кездесті

0 234

Антикор төрағасы Асхат Жұмағали танымал әнші Димаш Құдайбергенді қабылдады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында Агенттік төрағасы әншіні жемқорлықтың алдын алу бағытында қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.

Асхат Жұмағали өнердің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, адалдық пен әділдікке тәрбиелеудегі маңызы орасан екенін атап өтті.

Димаш Құдайберген атқарылып жатқан жұмыстарға, болашағымыздың игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне қолдау білдірді.

Тараптар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, мәдени және білім беру бастамалары арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидаттарын ілгерілету шеңберіндегі бірлескен жобаларды да талқылады.