Елордадағы көшеде автобус жолақтарымен жүруге уақытша рұқсат етілді

0 60

Қонаев көшесінде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін қайта жаңғыртуға байланысты осы жылдың 19 ақпанынан бастап жол қозғалысын ұйымдастыруға уақытша өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі аралығында көлік жүктемесін азайту үшін «Bus Lane», яғни автобус жолағымен жүруге уақытша рұқсат етіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтары елорда жолдарындағы өзгерістерге түсіністікпен қарап, назарға алуды сұраймыз. Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталғаннан кейін жол белгілері қайта қалпына келтіріледі. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми дереккөздерде қосымша жарияланатын болады. Автокөлік жүргізушілерінен жылдамдық режимін сақтауды және Қонаев көшесінің жабық учаскесін назарға алып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген мәліметте.