Шымкентте үшем дүниеге келді

0 209

Шымкенттегі №2 ауруханаға қарасты перзентханада биыл алғаш рет үшем өмір есігін ашты, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

22 жастағы қала тұрғыны Жамиля 2 ұл 1 қызды босанды. Үшем — жас отбасының тұңғыштары.

Нәрестелер мерзімінен бұрын дүниеге келгендіктен жансақтау бөлімінің дәрігерлері олардың денсаулығына айрықша күтіммен қараған.

«Үшемнің салмағы 2770, 2410, 2035 грамм болды. Жас ананы дәрігерлер кесарь тілігі арқылы босандырып алды. Қазір мерзімінен бұрын туған нәрестелердің жағдайы бірқалыпты», делінген перзентхана хабарламасында.