Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтеді

0 148

«WBO» және «IBF» тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Қазақстанда чемпиондық атағын қорғауы мүмкін, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Америкалық журналист Дэн Рафаэль «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтың келесі қарсыласы бұрын-соңды жеңілмеген британдық Шакил Томпсон (13-0, 9 КО) болатынын жазды.

Сонымен қатар журналист жекпе-жектің Қазақстанда өтетінін айтты.

«Жәнібек Әлімханұлы туған елінде соңғы рет 2017 жылы екі кәсіби жекпе-жегін өткізген. Содан бері алғашқы рет сәуір-мамыр айларында  британдық боксшы Шакил Томпсонмен Қазақстанда жекпе-жекке шығып, титулын қорғап қалу үшін күш сынасады. Томпсон алғашқы дайындық жекпе-жегін 7 ақпанда өткізеді», деді Дэн Рафаэль.