Қазақстанда бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

0 104

Энергетика министрлігі осы жылдың ақпанынан бастап елде бензин, дизель бағасы өсетінін хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Министрлік мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанның жанармай нарығындағы бензин мен дизель құны  «табыс теңсіздігін» тудырған. Бұл өз кезегінде «сұр экспорттың», яғни заңсыз сыртқа тасымалдау көлемін арттырған.

«Бензин мен дизель отынының қоры 1,007 млн тоннадан 646 мың тоннаға, ай сайын 10 мыңнан 50 мың тоннаға дейін азайып кеткен. Оның ішінде бензин қоры 453 мың тоннадан 382 мың тоннаға (-16%), дизель қоры 554 мың тоннадан 264 мың тоннаға  (52%) азайды», делінген министрлік хабарламасында.

Сондықтан тиісті ведомство жанар-жағармай саласында баға саясатын қалыптастыруды жоспарлап отыр.

Осы мақсатта министрлік 2025 жылдың ақпаны мен  2026 жылдың тамызы аралығында бензин бағасын литріне 205 теңгеден 281 теңгеге, дизель бағасын 295 теңгеден 343 теңгеге дейін өсірмек.