Қазақстанда мопедті тіркеу үшін қандай құжаттар қажет

0 162

Биылғы 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Демек мопед иелері осы мерзімге дейін оны тіркеп, жүргізуші куәлігін алуы керек.

Жүргізуші мопедті айдау үшін:

  • полицияда тіркеліп;
  • А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігін алып;
  • техникалық тексеруден және азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өтуі қажет.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мопед иесі тіркеуден өту үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға мына құжаттарды алып баруы керек:

  • жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);
  • мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.

Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждар төленуі тиіс.

«5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Осы сипаттағы бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз», деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.