Әзербайжан Президенті көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты

0 1 330

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан әуе жолдары компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», делінген хабарламада.