Тұман түсіп, көктайғақ болады

0 309

«Қазгидромет» синоптиктері 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

«Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ болады. Маңғыстау облысының солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында да тұман болады. Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады», дейді метеорологтар.

Болжамға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада кей уақытта тұман болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман болады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.