Бұрын сотты болған тараздық ауласында қарасора өсірген

0 113

Тараздық полицейлер шаруашылық құрылыстың ауласында қарасора өсірумен айналысқан ер адамды анықтады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Ұсталған күдіктінің наркологиялық диспансерде есепте тұрғаны әрі бұрын сотталғаны анықталды.

Облыстық полицияның мәліметінше, 44 жастағы тараздықтың ауласынан кептірілген марихуана салынған пакет, 90 кесілген қарасора бұтасы және бақшадан тағы 8 бұта табылған. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 44,8 келіні құраған.

«Есірткі заттарын заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам қарасораны өсіріп, оны кептіріп, пакеттерге орап отырған.Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр», деді есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабеков.