Түркістанда жас әйел қойшының телефонынан қомақты несие рәсімдеген

0 848

Түркістан облысы, Сайрам ауданында алаяқ әйел ер адамның ұялы телефонынан жасырын түрде онлаин несие рәсімдеп, қомақты қаржыны өзіне аударып алған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Polisia.kz-тің жазуынша Сайрам ауданында қойшы жігіт ұялы телефонның тілін түсінбегендіктен, ауруханада кездескен бейтаныс әйелден көмек сұраған.

Жас әйел жеке кәулігі керек екенін айтып, ер адамның телефоны арқылы банк қолданбасына кіріп, оның атына несие рәсімдеп,1 млн-нан астам қаржыны иемденіп,  өзінің қажеттілігіне жұмсаған.

Жәбірленуші өзінің атына несие рәсімделгенін, банктен хабарлама келген кезде бір-ақ білген.

Сайрам ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.