Президент Қосшыдағы мектеп-гимназияға автобус сыйлады

0 175

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласындағы мектеп гимназияға сый тарту етті, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бүгін Президент Қосшы қаласындағы мектеп-гимназиямен танысты.

Мемлекет басшысы роботты техника, мобилография, автомобиль жүргізуді виртуалды үйрену, шет тілі кабинеттерін, мектеп кітапханасын аралап көріп, ұстаздармен және оқушылармен әңгімелесті. Мектепке сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев  өзінің «Әке туралы ой-толғау» кітабын және Қазақстанда шығарылған автобус сыйға тартты.