Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентін Құрмет белгісімен марапаттады

0 492

Бүгін Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Саммит соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Консультативтік кездесудің төрағасы ретінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының атынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті Құрмет белгісімен марапаттады.