Елімізде 1-сыныпқа 336 мыңнан астам оқушы қабылданды
Балаларды мектепке қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкімет қызметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыруға болады.
Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Бүгінде 1-сыныпқа 336 000-нан астам оқушы қабылданды.
Айта кетейік, балаларды 1-сыныпқа қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.