Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

0 192

Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде Қазақстан балуаны жапониялық Нао Кусакаға есе жіберіп, Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Бұл 20 жылдан кейін алғаш рет грек-рим күресінен Қазақстан спортшысының финалға шығуы. 2004 жылғы Афина Олимпиадасында аса ауыр салмақ дәрежесінде Георгий Цурцумия күміс жүлдеге қол жеткізген еді.