Махмұд Сабырханның бүгінгі жекпе-жегін қайдан көруге болады

0 97

Бүгін Париж рингіне бокстан ерлер құрамасынан 57 келіде Махмұд Сабырхан мен әйелдер сапынан Валентина Хальзова көтеріледі, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Екі отандасымыз да Олмпиададағы алғашқы кездесуін өткізбек.

Бүгін сағат 14:16-да Махмұд Сабырхан испаниялық Хосе Бротонсқа қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жекті Qazaqstan ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ал 75 келіде Валентина Хальзова панамалық Атейна Билонға қарсы бақ сынайды. Бұл кездесуді 00:36-да Qazsport арнасынан тікелей эфирде көруге болады.