Түлектер грант конкурсына жалған сертификаттар тапсырған

0 205

Ұлттық тестілеу орталығы биыл грант конкурсына құжат қабылдау барысында жалған сертификат ұсынған 10 түлекті анықтады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Орталық сертификаттың түпнұсқалығын анықтайтын бірегей QR коды бар екенін еске салды, демек жалған құжат қайтсе де  анықталады.

Мұндай заңсыз әрекет үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

«Мына сертификатта QR-код ашылмайды, сондай-ақ сандар әр түрлі шрифтпен, әр түрлі көлемде жазылған. Сертификаттарды қолдан жасауға тырысудың барлық жағдайы тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады», делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.

Айта кетейік, ҰБТ сертификаты app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетте, certificate.testcenter.kz сайтында және eGov электрондық үкімет порталында қолжетімді.