Олимпиада медальдары Эйфель мұнарасы бөлшегінен жасалған

0 251

Жазғы Олимпиада ойындарының медальдары бұрын жөндеу жұмыстары кезінде алынған Эйфель мұнарасының түпнұсқа сынықтары балқымасынан жасалған. Бұл — Париж-2024 медальдарының басты ерекшелігі, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Qazsporttv.kz хабарлағандай, алтыбұрыш пішінінде жасалған бөліктің ортасында жазғы Олимпиада ойындарының логотипі бейнеленген.

Алтыбұрыш белгісі – Францияның картасы.

Медальдардың келесі бетіне (артқы жағына) гректер үшін Жеңіс құдайы саналатын Ника, Афинадағы Акрополь және Эйфель мұнарасы бейнеленген.