Қазақстанның 12 төрешісі Париж Олимпиадасында қазылық етеді
Төрт жылдықтың басты спорт додасына енетін Қазақстан төрешілерінің тізімі sportqazaq телеграм арнасында жарияланды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Париж-2024 ойындарында Қазақстан төрешілері мынадай спорт түрлері бойынша қызмет етеді:
Алуа Бектұрова (көркем гимнастика);
Ольга Соловьева (ауыр атлетика);
Әлия Каримова (әртістік жүзу);
Юлия Игнатченко (теннис);
Меруерт Қаукеева (теннис);
Тимур Әмірбеков (спорттық гимнастика);
Евгений Дьякокин (семсерлесу);
Евгений Михеев (баскетбол);
Ерік Жұмабеков (күрес);
Игорь Лигай (күрес);
Әлішер Алтаев (бокс);
Ермек Сүйеніш (бокс).