Ыстықкөлде 250 қой қырылып қалды

0 464

Қырғыз елінің Ыстықкөл облысында таудағы жайлауда найзағай түсіп, 250 бас қой қырылды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Оқиға 7 шілде күні сағат 17:00 шамасында Тоң ауданындағы Жазы-Кечүу жайлауында болған.

Оқиға орнында азаматтық қорғаныс қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жүр.