Астаналық блогерлер қымбат көлікке бассейн орнатқан

0 277

«Instagram» желісінде танымал блогерлер жол талғамайтын қымбат көлік ішіне бассейн орнатып, елорда көшелерін аралаған. Блогерлердің бұл қылығы желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Ерболат Жанабылов пен Нұрдәулет Бектұрсын көліктің артқы орындықтарын алып тастап, ішіне су толтырған. Кейін Астана көшелерін аралап, желіге видео жариялаған.

Жергілікті полицейлер бұл оқиғаны назардан қалт жібермей, блогерлерді жауапкершілікке тартқан.

«Tank» көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, танымал блогерлерге қанша айыппұл салынғаны белгісіз.