Италиядағы тарихи ғимаратқа атын жазған Қазақстан азаматы шығынды өтейді

0 285

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Италияда вандализм жасап ұсталған ел азаматына қатысты түсініктеме берді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Италияның Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйінің қабырғасына «ALI» деп есімін жазған туристі Италияның құқық қорғау органдары ұстаған еді. СІМ Италия заңнамасы аясында қажетті рәсімдер жасалған соң, оның босатылғанын хабарлады.

Алайда ел тұрғыны көне ғимаратқа келтірілген шығынды толық өтейді.

Әрі қарайғы іс әкімшілік тәртіппен жүргізіледі.