Меккеде қажылыққа барған 6 адам аптап ыстықтан көз жұмды
Сауд Арабиясында сынап бағанасы 48 градусқа дейін көтерілген.
Меккеде қажылыққа барған 6 адам аптап ыстықтың салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі «24kz»-ке сілтеме жасап.
Сауд Арабиясында сынап бағанасы 48 градусқа дейін көтерілген. Елдің Бас статистикалық басқармасының мәліметі бойынша биыл қажылығын өтеуге 1 миллион 800 мың адам тіркелген.
Билік қазір құлшылыққа келгендерге аса сақ болуды ескертіп жатыр. Өйткені синоптиктердің болжамы бойынша аптап аптаның соңына дейін созылады.