Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтуде

0 178

Бүгін, 10 маусым күні Тараз қаласының аумағында терроризмге қарсы Жамбыл облыстық жедел штабымен «Март-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуы өткізілуде, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шараның мақсаты — құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористтік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.