15 сәуірге арналған валюта бағамы
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447– 452 теңгеден саудаланып жатыр, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448,1 – 450,1 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 447 – 452 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 15 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 447,89 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,79 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,75 – 4,87 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,7 — 4,83 теңгеден сатылуда.