Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды», делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Досбергенқызы ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болған.