Жол апатынан қаза тапқан 18 жастағы жігіт жүрек доноры болды
24 шілдеге қараған түні жол апатынан қаза тапқан шымкенттік 18 жастағы жігіт жүрек доноры болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Оның жүрегін басқа адамға трансплантациялау операциясын 24 шілдеде түнде «Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ дәрігерлері жүргізді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, трансплантацияны жүргізуге орталықтың басқарма төрағасы Дархан Сүйгенбаев, оператор-ассистент Жасарал Балымов және анестезиолог Бекжан Перменов қатысты.