Жерді үйлестіру
Жерді үйлестіру келесі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді:
Жерді үйлестірудің республикалық, облыстық схемалары және жер ресурстарын пайдаланудың, жақсарту, қорғаудың бағдарламаларын әзірлеу;
Жер пайдаланудың және жер иеленудің жаңа құрылымдарын құру мен қазіргі қолданыстағысын ретке келтіру жобаларын жасау, жер учаскелерін орналасқан жерінде /карталарда/ бөлу мен шекараларын белгілеуді, жер пайдалануға, иеленуге құқық беретін құжаттар жасау;
Елді мекендердің жер-шаруашылық құрылысының, жер пайдаланушылардың, бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерлер игеру жобаларын, сондай-ақ, жер пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеу;
Жерлерді есепке алу, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау, топографиялық-геодезиялық, карторгафиялық топырақтық, геоботаникалық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу;
Кадастрлік және жер қорларын пайдалану, олардың жағдайлары жөніндегі басқа да карталарды әзірлеу; Жер бағалау жұмыстарын жүргізу.
Н. САНСЫЗБАЕВ,
Т. Рысқұлов ауданының тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы.
Жамбыл облысы.