Жеке куәлік жоғалғанда және ұрланғанда қалпына келтіру

0 43

Әмияндарымыз  ұрланып, өз бейқамдығымыздан сөмкелерімізді қоғамдық көлікте ұмытып кетіп,  жайсыз жағдайларға тап болып жатамыз.  Мұндай жағдайларда заттарымызбен бірге жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және басқа да құжаттарымыз да жоғалады.  Мұндай жағдайда қандай шаралар қолдану қажет?

Ең алдымен  сіз Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 492-бабына сәйкес (Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру), Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен үш айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша  тіркеусіз тұруы  ескерту жасауға, үш айдан астам мерзімде 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы  білуіңіз қажет.

«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №267 бұйрығына сәйкес, Қазақстан азаматтары жеке басын куәландыратын құжаттары жоғалған  немесе ұрланған жағдайда жаңа құжаттарды алу үшін  тұрақты тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация» КЕАҚ (ХҚКО) жүгінеді.

 

Қ. АМАНҚҰЛОВ,

халыққа қызмет көрсету бойынша  Сарысу ауданы бөлімінің басшысы. 

Жамбыл облысы.