Жамбыл облысында кафеден өрт шықты

0 203

Бүгін Жамбыл облысы Қордай ауылында 200 шаршы метр алаңда бір қабатты ғимараттың шатырында өрт болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Оқиға туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазір өрт оқшауланған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.