Жамбыл облысы полиция департаментіне жаңа басшы келді
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы болып Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев тағайындалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Жаңа ПД бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха және Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев таныстырды.
Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет атқарады. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында басшылық қызметтер атқарған.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі комитетінің және департамент бастығы болған.