Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Берік Болатұлы Нығмашев тағайындалды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі.
Ол өңірдің ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететін болады.
⠀
Берік Нығмашев 2009 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Агрохимия және топырақтану» мамандығы бойынша, 2011 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
⠀
Еңбек жолын 2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының «Кирилловка-Айыртау» ЖШС агроном болып бастады.
⠀
2010-2013 жылдары Айыртау ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман — агрономы.
⠀
2013-2014 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің бас сарапшысы, өсімдік шаруашылығын дамыту стратегиясы басқармасының басшысы, өсімдік шараушылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің басқарма басшысы;
⠀
2014-2015 жылдары – ҚР АШМ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті мал шаруашылығының мониторингі және талдау басқармасының басшысы;
⠀
2015-2017 жылдары – ҚР Ауыл шауашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары;
⠀
2017 жылы – ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылық кооперациясы департаментінің директоры;
⠀
2018 жылдың наурыз айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.