Тәжікстан президенті Қазақстанға келді

0 24

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Эмомали Рахмон бүгін өтетін ҰҚШҰ отырысына қатысады деп күтілуде.

Жиында мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік жағдай, оның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері туралы пікір алмасады, ынтымақтастық нәтижелері мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.