Тұман түсіп, көктайғақ болады

0 81

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, сейсенбі, 24 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін циклон ойпаты және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде қар жауып, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, батыста көктайғақ болады.

Түнде орталық пен шығыста 20-35 градус аяз болады, ал қалған аумақта температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.