Тараздағы металлургия зауытында өрт шықты

0 152

Өрт сөндірушілер металлургия зауытындағы отқа оранған трансформаторды сөндірді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Бүгін түнде Тараз қаласындағы металлургия зауытының аумағында жоғары вольтты трансформатор жанды.

Өрт сөндіру жұмысын трансформатордың багындағы 60 тонна май қиындатты.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында тілсіз жау жақын маңдағы трансформаторлар мен зауыт ғимаратына таралмады.

Жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыды. 

ТЖМ күш-құралдары отты сөндірді.