Танымал публицист Сейдахмет Құттықадам дүниеден озды

0 11

Белгілі саясаттанушы, публицист, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Ол 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіріп, өзінің дипломатиялық қызметін 1998 жылы СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаменті Еуропа және Америка басқармасының референті болып бастаған. Журналистикадағы жолын «Арай-Заря» журналынан бастаған қаламгерді бүгінде оқырман қауым жазып қалдырған құнды еңбектері арқылы  таниды. Сейдахмет Рысқожаұлы техника ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сондай-ақ ол бірқатар республикалық газет-журналдың бас редакторы қызметін атқарған.Жазушының «Ұлтқа қызмет ету», «Қазақ драмасы» сынды кітаптары жарық көрген.  Жетекші республикалық газет-журналдарда 500-ден астам жарияланымы бар.