Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды
Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылып, Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы бүгін қол қойды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1988-1992 жж. — Өзбекстан ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы экономика және нормативтер ғылыми-зерттеу институтында экономист.
1992-1993 жж. — Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист.
1993-1994 жж. — «Перизат-холдинг» компания бөлімінің жетекшісі.
1994-1997 жж. – Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары.
1997-1999 жж. – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
1999-2002 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2002-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2006-2008 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2008-2013 жж. — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.
2013 ж. — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2014-2017 жж. – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.
2017-2018 жж. — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2018-2019 жж. — «Nur Otan» партиясының хатшысы.
2019 жылдың 15 шілдесінен бастап — «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жетекшісі.
2020 жылдың 5 мамырынан бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2022 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 4 сәуірде осы лауазымға қайта тағайындалды.
2023 жылғы 8 маусымда ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
2023 жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тамара Дүйсенованы Премьер-министрдің орынбасары етіп тағайындады.