Түркістандық полицей суға батып бара жатқан адамды құтқарды

0 9

Түнгі уақытта Сауран ауданындағы Шаға ауылында учаскелік полиция инспекторы Абай Байжұман ер азаматтың суға түсіп кеткенін байқап қалған, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Ол бірден көлікті тоқтатып, киімімен суға сүңгіп кеткен. Нәтижесінде ағын судың ортасынан ер азаматты ұстап, алып шығады. Ер азамат дереу емханаға жеткізілген.

Айта кетейік, екі күн ішінде Түркістан облысының полицейлері арнайы мамандармен бірге 200-ден астам адамды эвакуациялап, қауіпсіз жерге алып шықты.